АТЫРАУДАСАРАПТАМА

БИЫЛ РАМАЗАН АЙЫ 25-І ЕМЕС, 24 СӘУІР БАСТАЛАТЫН БОЛДЫ

Бүгін Елордада Төтенше жағдай кезіндегі діни іс шаралар туралы тақырыбында Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн брифинг өтті.

Баспасөз мәслихатына қатысқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл қасиетті Рамазан айының қай күні басталатынын айтты.

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі іргелі зерттеу орталықтарының бірі болып табылатын В.Г.Фесенков атындағы «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» мекемесінің ғылыми мәліметіне сүйеніп, сондай-ақ көрші Өзбекстан және Қырғызстан мұсылмандары діни басқармаларымен кеңесіп, Рамазан айының басталатын күнін белгіледі. Шариғат үкімі мен ғылыми зерттеу жұмысының қорытындысына сәйкес, мұсылмандар асыға күтетін рамазан айы биыл елімізде 24 сәуір күні басталады деген шешім қабылданды», – деді ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, әуелде 2020 жылдың діни күндер кестесінде Рамазан айының басталуы 25 сәуір деп белгіленген болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button