АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА СOVID-19 ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 69-ҒА ЖЕТТІ

Атырау облысының Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының хабарлауынша,  барлық науқас бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен  байланыста болған.

 Жаңадан анықталған науқастардың арасында  1953 жылғы  әйел мен  1975, 1987, 1989, 1988  және 1980 жылғы бес ер адам  бар.

Қазіргі уақытта алты науқас та инфекциялық стационарға  орналастырылған, оларға  тиісті  ем шаралары  жүргізілуде.

 Осылайша, Атырау облысында Covid-19 індетіне шалдыққандар  саны 69 адамға жетті.  Ал, 12 жергілікті тұрғын  аталған дерттен жазылып шықты.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button