АТЫРАУДА

БАЛЫҚ ҚОРҒАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНА БАҒЫНБАҒАНДАР МОТОЦИКЛ КӨЛІГІН ӨРТЕП, ҚАШҚАН (ВИДЕО)

Аталған азаматтар туралы бейнежазба желіде тарап кетті. Бейнежазбада сөйлеп тұрған азаматтардың  сөзіне назар аударсақ, оқиға 14 сәуір күні орын алған. Инспекторларға бағынбаған азаматтар мотоцикл көлігін өртеп, қашқан.

«Атырау облысы Полиция Департаменті қызметкерлері әлеуметтік желілерде таратылған бейне жазбадағы балық қорғау инспекциясы қызметкерлеріне бағынбаған белгісіз азаматтарды анықтады.Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК 335 -бап «Балық ресурстарын, басқа су жануарларын заңсыз алу»және 379-бап «Билік өкіліне бағынбау» бойынша жүргізілуде» – depti ПД баспасөз  қызметі.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button