АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА ТАҒЫ 7 АДАМ КОРОНАВИРУСТАН ЖАЗЫЛЫП ШЫҚТЫ

 Атырау облысы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі жедел штабының хабарлауынша, бүгін 7 адам короновирустан жазылды. Қазіргі уақытта Covid-19 індетінен сауығып шыққандардың саны 12 адамға жеткен.

 Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек,  коронавирус инфекциясынан емделіп шыққандар бүгін түстен кейін шығарылған.  Олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді.

 Айта кетейік, қазіргі уақытта инфекциялық стационарда 51 науқас бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button