АТЫРАУДА 16 ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДА КАРАНТИН БҰЗЫЛҒАН (+ВИДЕО)

by Depti
1 views

Атырау қалалық санитариялық- эпидемиологиялық  бақылау басқармасымен биылғы тамыз айының алғашқы аптасында Ashyq  жобасы арқылы 3 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді.

https://www.youtube.com/watch?v=iDuxVLRptds&list=UUoiL5o9z-VwgMxcvof3_pyQ&index=2

Бұлар 14 күндік карантиндік мерзімін сақтамай қоғамдық орындарға барған азаматтар. Сонымен қатар Атырау қаласындағы эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне қарамастан карантиндік шараларды бұзған 16 нысан анықталып Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабы I тармағына  сәйкес айыппұлдар салынды.  Олар: «Mаnsion» ойын клубы, «Керуен» мейрамханасы, «Евразия» кафесі, «Сауран фуд» қоғамдық тамақтану орны,  «Роза» кафесі, «Тарантино» кинотеатры, «GO Halal»  мейрамханасы, паб «Енді не істейміз», «Адина» мейрамханасы, «Алтын таға»  кафесі, «Өркен» кафесі, «Дубровский» саунасы, «Wiwka loft» кафесі, «Blaсk Room» кальян бары, “Панарама” тамақтану  орны  және үйде отбасылық шара(құдалық) өткізген жеке тұлға Ж.М. тұрғын.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com