Атырауда аз қамтылған отбасы балалары орталық бассейнде тегін жаттығуда

by Depti
0 views

Бұл туралы Атырау облысы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Асхат Ержановтың қатысуымен өткен брифингте айтылды – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

“Төтенше жағдайлар Департаменті жыл сайын балалардың суға батып кету дерегі көп тіркелетіндігін ескеріп биыл, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды  суда жүзуге дайындау үшін “Мұнайшы” спорт кешенімен келісім-шарт жасақтады. Ондағы орталық жүзу бассейінде аптаның сейсенбі-бейсенбі күндері ТЖД-нің құтқару қызметі тегін жаттығулар жүргізеді” деді спикер.

Атап өтерлігі, 1-ші қыркүйек күні шомылу маусымы жабылады.

“Шомылу маусымының аяқталғанын ескермейтіндер енді айыппұл төлейді. 1-ші қыркүйектен бастап, барлық суға шомылу айдындары Полиция қызметкерлерінің бақылауында болады” деп нақтылады спикер Асхат Ержанов.

Айта кетейік, өңірде шомылу маусымы басталғалы 18 адам суға кеткен. Оның 7-еуі балалар.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com