Атырау облысының әкімі халық санағын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды

by Depti
0 views

«Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен жиын өткізіліп, өңірдегі халық санағына қатысты жұмыстар пысықталды»,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жиында ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Галя Мұханғалиева осы уақытқа дейін жасалған жұмыстарға тоқталды.

«Халық санағының онлайн режимде өту артықшылықтары мен тәртібін түсіндіру мақсатында Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен 7-13 қыркүйек аралығында Статистика департаменті мамандарымен Атырау қаласындағы 30-дан аса ірі кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері арасында кездесулер ұйымдастырылып, онлайн санақтан өту бойынша практикалық көмектер көрсетілді. Атқарылған шаралардың нәтижесінде, 2021 жылдың           18 қыркүйегіндегі деректерге сәйкес, облыс бойынша халық санағынан онлайн режимінде өткен тұрғындардың саны 145 089 адамға жетіп, облыс халқының 21,9%-ы қамтылды»,-деді ол.

Сондай-ақ, департамент басшысының сөзінше, Ұлттық халық санағының негізгі кезеңінде облыс бойынша 898 адам уақытша жұмысқа тартылса, оның ішінде 111 нұсқаушы-бақылаушы және 787 интервьюер болмақ.

Айта кетейік, Халық санағынан онлайн режимінде өту мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында, облыста 90-нан астам учаскеде «Халық санағынан өз бетінше өту бұрыштары» құрылып, 50-ге тарта еріктілер үгіт-насихат жұмыстарына тартылған. 

Аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетов өңірдегі халық санағын жоғары деңгейде өткізуді тапсырды.

«Ол үшін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндірме жұмыстарын күшейтіп, тұрғындардың интернет желісі арқылы онлайн режимде өтуі ұйымдастырылуы қажет. Оған қоса, санақтың негізгі кезеңнің нұсқаушы – бақылаушылар мен мамандар бөлінісін қалыптастыра отырып, тез арада жұмысқа алу жұмыстары қолға алсын»,-деді М.Досмұхамбетов.

Еске сала кетейік, Ұлттық халық санағының негізгі кезеңі осы жылдың                                  1 қыркүйегінде онлайн форматта басталған болатын. Бұл жұмыстар биыл 15 қазанға дейін жалғасады.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com