Атырауда жасөспірімдер ойыншық қарудан «оқ» атқан

by Depti
1 views

1 қыркүйек күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасы №2 Қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне көрші аулада тұратын жасөспірімдер травматикалық қарумен оқ атып жүргені жөнінде хабарлама түсті.

Нақтырақ айтқанда, Атырау қаласындағы СМП-136, №6 үйдің 129-пәтерінің тұрғыны, 1976 жылы туылған азаматша Анна Марнинаның ұлына пластикалық оқ атылған.

Жергілікті полиция басқармасының мәліметінше, аталған мекен-жай бойынша №4 үйдің ауласынан екі жасөспірім анықталған. Олардан пластикалық оқпен атылатын ойыншық тапанша алынды. Тағайындалған сараптама қорытындысы бойынша тәркіленген тапаншаның суық қаруға жатпайтындығы, яғни, балалар ойыншығы екені анықталды.    

Тексеру барысында жасөспірімдердің бұрын істі болмағандары белгілі болды. Оларға қатысты бес ата-анадан жазбаша арыз алынды. Соған сәйкес, жасөспірімнің ата-анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-ші бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оларға білім беру, олардың құқықтарымен және мүдделерін қорғау жөніндегі, міндеттерді орындамау) хаттама толтырылып, мамандандырылған кәмелетке толмағандар істері жөніндегі сотқа жолданбақ.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com