АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ЖЕДЕЛСАТЫ ҚҰЛАП, БІР АДАМ КӨЗ ЖҰМДЫ…

Бүгін таңғы сағат 10:46-да «Ардагер» тұрғын үй кешенінде жөндеу жұмыстары кезінде 15-ші қабаттан екі ер адам мінген жеделсаты құлады. Екеуі де – «Лифт Инвест» ЖШС қызметкерлері, деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

Бұл туралы жергілікті төтенше жағдайлар қызметінің баспасөз өкілдері хабарлады. Өкінішке орай, 40 жастағы азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал, 34 жастағы жігіт өте ауыр жағдайда облыстық ауруханаға жеткізілді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан білгеніміздей, қазір ол ота жасауға дайындалып жатыр.

Әлия ЖӘМИТОВА

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button