АТЫРАУДА

Үш атыраулық қар құрсауынан құтқарылды

Атырау облысының Қызылқоға ауданында қар құрсауынан 3 адамнан тұратын отбасы, оның ішінде 1 бала құтқарылды.

13 қаңтар күні сағат 16.49-да Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан 5 шақырым жерде, Аққора елді мекеніне бара жатқан жеңіл автокөлік қарға батып қалғаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Автокөлік ішінде 3 адам: 1986ж.т. ер адам, 199 0ж.т. әйел адам, сондай-ақ 2021 ж.т. бала.

Шақыру орнына 10-ӨСБ және жергілікті атқарушы орган қызметкерлері жедел жетіп, отбасын эвакуациялап, автокөлікті қардан шығарып, Аққора ауылына жеткізді. Отбасы медициналық көмекке мұқтаж емес. Авариялық-құтқару операциясына 10-ӨСБ 2 қызметкері, Жергілікті атқарушы органның 2 қызметкері және 1 бірлік техника Урал-вахтовка жұмылдырылды.

Атырау облысы ТЖД азаматтардан елді мекеннен шыққан кезде қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды! Жолға шығар алдында ауа райы болжамымен танысып, автокөліктің техникалық жай-күйінің дұрыстығына көз жеткізіп, өзімен бірге қажетті заттарды алып жүру ұсынылады. Бірыңғай құтқару телефоны 112.

«Атырау облысы ТЖД Қоғаммен байланыс тобы»

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button