АТЫРАУДАБЕЙНЕТАСПА

Атыраулық жүргізуші 650 мың теңге айыппұл арқалады (+ВИДЕО)

Бір күнде екі рет ЖКО жасап, оқиға орнынан қашып кеткен атыраулық жүргізуші 650 мың теңге айыппұл төлейді, – деп хабарлайды Depti.kz тілшісі.

https://www.youtube.com/watch?v=XG4gTujWHeM&feature=emb_imp_woyt

24 шілде күні сағат 18:15 шамасында 41 жастағы ер адам жүргізу куәлігін оқымаған күйде басқаруындағы Ваз 2115 көлік құралымен Амандосов – Ш.Еркінов көше қиылысында жол жүру ережесінің 8.13 тармақтарын орындамай, артқа қозғалыс кезінде артында тұрған Volkswagen Polo маркалы көлік құралына соқтығысып, полицияға хабарламай, оқиға орнынан кетіп қалған. Арада көп ұзамай сағат 18:46 шамасында Атырау-Астрахань тас жолы бойында орналасқан мал базары тұсында жол қауіпсіздігін қадағаламай, автокөліктің басқару жүйесін иегере алмай, жол жиегінде орналасқан электор жарық шам бағанасына соқтығыс жасап, оқиға орнынан кетіп қалған.

– Аталған жағдай бойынша патрульдік полиция қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында бір күнде екі рет жол-көлік оқиғасын жасап, оқиға орнынан қашып кеткен 40 жастағы ер адамды анықтап, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-ның 610-бабының 3-бөлігімен және 611-бабының 3-бөлігімен екі қайтара әкімшілік хаттамалар жасақталып, сот шешімімен жүргізушіге 653 408 теңге мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button