АТЫРАУДАҚазақстанда

ЕЛІМІЗДЕ COVID-19 ІНДЕТІ БОЙЫНША КАРАНТИНГЕ ҚАЛАЙ ОРНАЛАСТЫРЫЛАДЫ?

Елімізде ТЖ енгізілгеннен алдын алу, сақтық шаралары күн сайын күшейтіліп жатыр. Осы орайда короновирус тіркелген елдерден келген адамдар карантинге қалай орналасатындығы жөнінде ҚР бас санитар-дәрігері нақтылық енгізді.

 «1а категориясына жататын  елдерден келген адамдар 14 күнге карантинде болады.  1б категориясындағы елдерден келгендер,  COVID-19 анықтау мақсатындағы сынамалар алынып,  карантинге 1 күнге жатқызылады. Қалған 13 күн бойы үйінде оқшауланады. Үйін болу үшін қолайлы жағдай болмаса, жергілікті атқарушы орындардың дайындаған орнына жатқызылады» – depti А. Есмагамбетова.  

Айта кету керек: 1 а категориясына жататын елдер: Франция, Иран, Италия, Германия, Индия, Тайланд, Малайзия, БАӘ, Шри-Ланка, Мысыр. Ал 1б категориясына  COVID-19  дерегі тіркелген 1а категориясында тізімге  енбеген елдер  жатады.    

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button