АТЫРАУДА

АТЫРАУДА ДЕЗИНФЕКЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛАЙ ЖҮРДІ?

Атырау облысы  әкімдігінің бастамасымен қоғамдық  орындарға кең көлемді дезинфекция жұмыстары жүргізілді. «Батыс» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері аумақты  дезинфекциялауға  қатысуда. Арнайы  жеке қорғаныс киімдерін киген әскери қызметшілер дезинфекцияға арналған ерітінділерді пайдаланды. 

Жұмыс қаладағы төрт учаскеде – халықаралық  әуежайда, автовокзал және теміржол вокзалы, сондай-ақ «Исатай-Махамбет» алаңында жүргізілуде.

«Дезинфекциялық аумақтағы ерітіндінің әсері 5 сағатқа дейін созылады. Оның тұрғындары үшін ешқандай қауіпі жоқ. Бүгінгі таңда 3,5 тонна ерітінді  пайдаланылды» – depti  «Батыс» аймақтық қолбасшылығы Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғаныс әскери  бөлімінің қызметкері Сафар Фазылов.

whatsapp image 2020 03 25 at 13.47.58

Айта кетейік, қазіргі таңда Атырау облысында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ. Қаланың өзге де орындарын дезинфекциялау жұмыстары күнделікті сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін елде төтенше жағдай алынғанға дейін жалғасады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button