ИТКЕ ҚАТІГЕЗДІК КӨРСЕТКЕН ЕР АДАМ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА ӨЗІН-ӨЗІ АҚТАМАҚ БОЛДЫ

1590996030 24be2bc4 da36 448a 8d60 7fc618007bab
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Күні кеше Атырау қаласы Еркінқала кентінде өз итін қатігездікпен  тоңазытқыш есігімен қылқындырып, оны бейнежазбаға түсіргендер ұсталды. 2 наурыз күні әлеуметтік желіде күдіктінің кешірім сұраған бейнежазбасы тарады.

Бейнежазбадағы қатігез кейіпкер Джуматаев Марғұлан әртүрлі себептерді тілге тиек етіп, өзін-өзі ақтамақ болды. Ол жерде ата-анасы жасақтаған жылыжайды таптап, бұзған итке ашуланып, қызулықпен  шектен шыққандығын мойындады.

Алайда, желі қолданушылары Джуматаев Марғұланға ең ауыр жаза тағайындау керектігін жарыса жазуда. Өз кезегінде облыстық ПД баспасөз қызметі  әмбеге аян болған сорақы жағдайды өз бақылауына алып, тергеу  жұмыстары жүріп жатқандығын айтқан.

1 пікір

  1. «Ит иесіне тартады». Иесінің итінен айырмашылығы шамалы сияқты.

Comments are closed.