АТЫРАУДА

КИІМ-КЕШЕК ҚАБЫЛДАЙТЫН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ұлыстың ұлы күні Атырауда қайырымдылық орталығы жұмысын бастады.

«Атырау облыстық “Иманғали” мешіті жанынан ашылып жатқан “Ықыласты бауырлар” қайырымдылық орталығының басты мақсаты – мұқтаж бауырларымызға көмек қолын созу”
Яғни, орталық екі бағытта жұмыс істейді. Біріншіден, орталық көп балалы, әлеуметтік жағдайы төмен, жетім және жартылай жетім, мүмкіндігі шектеулі жандарға азық-түлік пакетін таратып отырады. “Екіншіден, Атырау қаласы аумағындағы азаматтар осы орталыққа өздерінің киілмей тұрған киім-кешектерін тапсыра алады. Біз сол киімдерді химиялық тазалудан өткізіп, мұқтаж отбасыларға таратамыз. Бір-біріне бауыр саналатын мұсылмандар қуанышпен бірге, қиыншылықтарды да бірге жеңуі керек» – depti «Иманғали мешітінің» бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Атырау облысы бойынша өкілдігі жанынан “Ықыласты бауырлар” еріктілер қозғалысы ашылған болатын. Бұл қозғалыс негізінен қайырымдылық шаралармен айналысады.
Атап өтерлігі, “Ықыласты бауырлар” қайырымдылық орталығының ашылуы – елімізде жарияланған “Волонтер жылына” сәйкес келіп отыр. Қайырымдылық орталығы Атырау қаласы, Грибоедова көшесі, 4 үйде орналасқан.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button