АТЫРАУДА

АТЫРАУҒА БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНЕН 126 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КЕЛДІ

20 наурыз күні Атырауға Біріккен Араб Әмірліктерінен  қазақстандық 126 жолаушы келді. Кеше түнгі сағат 22.30-да №5044 «Шарджа-Атырау» рейсімен келген  жолаушылар әуежайдағы арнайы санитарлық пунктте тексерілді. Жолаушылардың 106-сы – Атырау облысының тұрғындары, біреуі ғана Ресей Федерациясы азаматы, ал қалған жиырмасы еліміздің өзге өңірлерінен. Ресей Федерациясы азаматы бес жастағы бала. Көрші елде дүниеге келгені болмаса, ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтары. Отандастарымыз коронавирус қауіпі өлшемі бойынша 2 категорияға жататын қауіпті емес елден келді. Олар әуежайдан түскен бетті толық тексеруден өткізілді.   

«БАӘ Шарджа қаласынан Атырау қаласына біздің елдің азаматтары келген болатын. Олардың барлығы арнайы тексерістен өтті. Жағдайлары  қанағаттанарлық. Барлығы бақылауда» – depti Атырау Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Байтолла Ғазизовтың айтуынша, барлығының жағдайы жақсы.

Айта кетейік,  Атырауда  коронавирусты жұқтыру фактісі тіркелген жоқ. Медициналық ұйымдарда қажетті дәрі-дәрмек бар. Тұрғындар барлық сұрақ бойынша 98-02-92 call орталығына немесе 8778 007 20 21 WhatsApp желісіне хабарласа алады.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button