Коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші дозасын салдыру «Дельта» штамынан 100%-ке дейін қорғауы мүмкін.
АҚШ-тың фармацевтикалық Pfizer компаниясының өкілдері осылай деп отыр. Бустерлік дозаны қабылдағаннан кейін 55 жасқа дейінгі адамдарда антиденелер саны 5 есе, ал қарттарда тіптен 11 есе артады екен. Айта кеткен жөн, қазір әлемнің көп елінде вирустың «Дельта» штамы тез тарап барады. Осы ретте көрші Ресейде қайта вакциналау жүріп жатыр. Мамандар үшінші дозаны алғашқысынан кейін 6 айдан соң салдыруға кеңес береді.