АТЫРАУДАCOVID-19БЕЙНЕТАСПА

Атырауда жалған вакцина паспортын сатқан тағы 2 медбике ұсталды (+ВИДЕО)

Атырауда қаладағы емханалардың бірінде медбике болып қызмет ететін 2 азаматша жалған вакцина паспортын сатқан, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

https://youtu.be/EAjNtE6yP9Q

Атырау облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, олар вакцинаның әр кезеңі үшін 50 мың теңге, яғни екі кезеңі үшін 100 мың теңгені банктік есепшотына аударып алып отырған. Ақшасын аударған тұрғындар емханаға еркін келіп вакцина алмай-ақ паспортын алып жүрген.

Атырау облысы полиция департаменті мен облыстық прокуратура бірлесіп жедел іс-шара жүргізу барысында медбикелердің бірі жалған ақпаратты жүйеге енгізгенін, екінші медбике құйтырқы әрекетке барып вакцина сұйықтығын адам денесіне салмағанын анықтады.

Қазіргі таңда, аталған екі күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 206 бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ, медбикелердің нақты қанша тұрғынға жалған вакцина паспортын жасағандығы анықталуда.

Еске сала кетейік, 31 шілде күні атыраулық полицейлер жалған вакцина паспортын дайындағаны үшін тұрғындардан 10 мың теңге ақша алып келген медбикені ұстаған болатын.

Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің тікелей тапсырмасымен жасанды вакцина паспорт жасауға жол бермеу үшін алдын алу шаралары жүргізілуде. Өңірдегі барлық екпе пунктарынды бейнебақылау камералары орнатылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button