СУБСИДИЯНЫ БӨЛУДЕГІ АШЫҚТЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

by Depti
0 views

СУБСИДИЯНЫ БӨЛУДЕГІ АШЫҚТЫҚТЫҢ ДЕҢГЕЙІ ҚАНДАЙ?

2021 жылдың 29 шілде – 4 тамыз аралығында «Атырау –  адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен Атырау облысы бойынша ауылшаруашылығы бағытындағы мемлекеттен берілетін субсидиялардың ашықтығын және сыбайлас жемқорлық көріністерін анықтау үшін анонимді сауалнама жүргізілді. Мониторинг барысында Атырау қаласы, Жылыой, Индер, Исатай, Құрманғазы, Қызылқоға, Мақат, Махамбет аудандарының жергілікті шаруа қожалықтары қамтылды.

«Атырау – адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен жүргізілген анонимдік сауалнамаға облыс бойынша 123 шаруа қожалығы қатысты. Сауалнама қорытындысы төмендегідей нәтиже берді.

Сауалнамаға қатысушылардың 91,8%-ы алғашқы сұраққа «ауылшаруашылығы бағытындағы мемлекеттен берілетін субсидиялар туралы білеміз», 8,1%-ы «ауылшаруашылығы бағытындағы мемлекеттен берілетін субсидиялар туралы білмейміз» деп жауап берсе, келесі сұраққа шаруа қожалықтарының 71,5%-ы «субсидия алып көрдік», 28,4%-ы «субсидия алып көрмедік» деп жауап берген.

«Егер субсидия алған болсаңыз қандай қиындықтар болды (мәселен субсидия алуға өтініш беру кезінде шалғай елді мекендерде интернет болмауы немесе әлсіз болуынан ұзақ уақыттың алуы, өтініш беретін электронды порталмен жұмыс жасаудың күрделілігі, мемлекеттік органдар тарапынан өтінішті қарауды сөзбұйдалыққа салу, субсидия тәртібін түсіндірмеу және т.б.)?» деген үшінші сұраққа сауалнамаға қатысушылардың 71,5%-ы «жоқ, қиындықтар болмады», 8,1%-ы «иә, қиындықтар болды», 10,5%-ы «базаға байланысты қиындықтар болды», 9,7%-ы «интернетке байланысты қиындықтар болды» деп жауап жолдаған.

Сауалнамадағы «Субсидия алу кезінде лауазымды тұлғаға немесе делдалдарға ақша қаражатын бердіңіз бе және қандай сомада?» деген сұраққа қатысушылардың 2,4%-ы, яғни 3 шаруа қожалығы «иә, бердік», 97,5%-ы «жоқ, бермедік» деп жауап берген.

«Субсидия алу тәртібін жеңілдету немесе тиімділігін арттыру бағытында ұсыныс-пікіріңіз?» деген қорытынды сұраққа қатысушылардың 32,5%-ы «ұсынысым бар», 67,4%-ы «ұсынысым жоқ» деп белгілеген.

Сауалнамаға қатысушылар тарапынан ауылшаруашылығы бағытындағы мемлекеттен берілетін субсидияларды алу тәртібін жеңілдету немесе тиімділігін арттыру бағытында төмендегідей ұсыныстар дайындалды. Олар «субсидия алу туралы ақпараттандыру өте төмен және түсіндірме жұмыстарын нығайту керек, білімді мамандарды тағайындау» бойынша – 19 ұсыныс, «Қолдау» порталы бойынша төлем ақыны азайтуды, алған қаражаттың 10%-ын ұстауды азайтып және салықтың есеп беру жолдарына өзгерістер енгізіп жеңілдету» бойынша – 6 ұсыныс, «мал басын өсіруде неге шет елден алу керек, өзіміздің отандастардың малын неге алмасқа соған көңіл бөлу керек» бойынша – 4 ұсыныс, «ет өнімдері бойынша субсидия  беруді көбейту және крийтериялары өте жоғары, соны азайту» бойынша – 4 ұсыныс, «шөп пен жемге субсидия қарастыру» бойынша – 4 ұсыныс, «субсидия пайызын көтеру» бойынша – 3 ұсыныс түскен.

Осы аталған сауалнама нәтижесі мал шаруашылығымен айналысуға бөлінетін бюджеттік субсидиялар туралы ақпараттардың ашықтығын қамтамасыз ету қажет екенін, субсидия алу кезінде бірқатар қиындықтар бар екенін көрсетті.

Сонымен қатар, субсидия алу кезінде сыбайлас жемқорлық (лауазымды тұлғаға немесе делдалдарға ақша қаражатын беру) фактілері әлі күнге дейін бар екені анықталды.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com