COVID-19АТЫРАУДА

Атырауда бір тәулікте 460 адам Covid-19 жұқтырған

Қауіпті инфекцияның таралуы Теңіз кен орнында, Жылыой ауданында  байқалып отыр деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 460 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 332 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 40 науқас анықталды.

Инфекция облыстың аудандарында да таралуда. Жылыой ауданында 20 науқас, Индер ауданында – 9, Исатайда – 14, Қызылқоға ауданында – 15, Құрманғазы ауданында – 15, Мақат ауданында – 7, Махамбет ауданында – 8 адам.

Коронавирустық инфекциясы бар 280 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 180 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 293 адам емделді.

Қазір 6 564 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 196, екінші облыстық ауруханада – 196 пациент, фтизиопульманологиялық орталықта – 100, кардиоорталықта – 95, т/ж ауруханасында – 106 адам ем алуда,
аудандық инфекциялық стационарларда – 398, облыстық ауруханада – 135, жатақханада – 131, Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 310 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button