«Тоқаевпен кездессем, айтарым бар»

by Depti
0 views

Соңғы күндері әлеуметтік желіде Өзбекстан Президенті алдында сөз сөйлеген қазақ қызының видеосы кеңінен таралып кетті.

newsroom.kz тілшісі Президент алдында жастар атынан шығып, сөз сөйлеген жас кәсіпкер Аманбаева Мереймен сұхбат құрған еді.

Аманбаева Мерей – жас кәсіпкер, Науаи мемлекеттік педагогикалық институтының 2 курс магистранты. Президенттің қолынан отандық көлік мінген қазақ қызы өзі жайлы былай дейді:


«Мен 1997 жылы 2 мамырда Науаи облысы, Әйтеке би жерленген киелі Нұрата ауданында дүниеге келдім. Руым – Көлеген, нағашы жұртым – текті, қажы, бай адамдар болған. Өзім де текті атаның ұрпағымын. Жанұяда бес қыз, бір ұл. Әкем ертеректе қайтыс болған. Анамыз бізді әрқашан қолдап отырды. Бүгін де кәсіпкермін, Зулфия атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерімін. Жанұямызда барлығы жоғары білім алған. Сіңлілерім жоғары оқу орнында қазақ тілінде білім алып жатыр. 2021 жылы Президентімізбен үш рет кездесу бақыты бұйырды. Жалпы мемлекеттік медальды алған соң 6 рет жүздестім. Екі рет жүзбе-жүз сұхбаттастадық, 4 рет маңызды жиналыстарға қатыстым. Сондай маңызды кездесулердің бірінде жастар атынан шығып сөз сөйледім. Президент мен көтерген мәселелердің барлығына қолдау білдіріп отырды.

1 1

Президенттің кеңесшісі Құдайбергенов Тұрсынхан Айдарбекұлы деген азаматтың да ұлты қазақ. Өте шыншыл адам. Ешкімді ұлтына, дініне қарап бөліп жармайды. Маған Науаидағы өкілім бол деп ұсыныс айтты. Тұрсынхан Айдарбекұлы үлгі тұтар адамым».

Сұхбат барысында Мерей мыңға тарта жастарды оқытып, кәсіппен айналысуға септігі тигенін айтты.
Қазақстанға оралғыңыз келмейді ме деген сауалымызға Мерей «ниетім бар» деп жауап берді.
«Қазақстан өте дамыған мемлекет. Біз бәріміз түркі халықтарымыз. Өзбекстан, Түркия… Мүмкін Қасым-Жомарт Кемелұлымен кездесермін, мүмкін орынбасарларымен. Кездесуге мүмкіндік туып жатса менің де айтарым, бөлісетін тәжірибелерім бар. Ең бастысы, жастар және жастар бизнесі жайлы сөйлескім келеді. Жастар алдына жоғары мақсат қойып соған ұмтылуы керек», – дейді Өзбекстандағы қандасымыз.

2

Мерей бизнес бастағысы келетін жастарға Билл Гейтс, Наполеон Хилл, Роберт Кийосаки сынды үлкен жетістіктерге жеткен адамдардың кітабын оқуға кеңес береді.

Сөз соңында Мерей Аманбаева Өзбекстан елінде бизнеспен айналысамын деген жастарға барлық мүмкіншілік жасалғанын айтты. Өзбек, қазақ, орыс деп бөлмей барлығына бірдей жағдай жасалады екен. Жастардың мәселесі Президенттің тікелей қадағалауында болғандықтан еш алаңсыз бизнеспен айналысып жатқандығын жеткізді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com