АТЫРАУДА

«Сарайшық» журналының бас редакторы тағайындалды

«Атырау – Ақпарат» медиахолдингі бас директоры жаңа бас редакторды ұжымға таныстырып, сәттілік тіледі.

«Сарайшық» ұлт руханиятының өзегі. Бүгінде басылым әдеби ортаның іздеп жүріп оқитын журналына айналды. Ендігі мақсат – журналды жаңа биік деңгейіне көтеру» деп атап өтті «Атырау – Ақпарат» медиахолдингі бас директоры Ысқақ Егембердиев.

«Сарайшық» әдеби- мәдени журналы өткен жылдан бері шыға бастады.

Еске сала кетелік, Гүлзада Ниетқалиева – Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, елге танымал ақын, бірнеше поэзиялық шығармалар авторы. Оның кей еңбектері әлем елдерінің тіліне аударылған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button