Актер тікелей эфирде журналисті сабады (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Қазақстандық тележүргізуші, актер Жан Байжанбаев таңғы бағдарламаның тікелей эфирінде журналистке соққы жұмсады.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/Cbt97Hfg-5z/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

Актердің ұрған сәті видеоға түсіріліп, желіде жарияланған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Алматы” телеарнасына сілтеме жасап. 

“Таңғы STUDIO” бағдарламасы барысында тілші актердің үстінен қалжыңдады. Ал Байжанбаев оны ұрып жіберді.

Тілші “Оскар” сыйлығын табыстау кезіндегі Уилл Смиттің әрекеті жайлы айтты.  Актер салтанатты шарада “Оскар” жүргізушісін ұрып жіберген еді. Қазақстандық журналист Байжанбаевтың әлі “Оскар” алмағанын және мұның таңғалдырарлық жағдай емес екенін айтқан. Бұған ашуланған Байжанбаев студиядан шығып, тілші тұрған аймаққа барып, оны ұрып жіберді.

Даулы сәт хайп үшін қолдан жасалды ма әлде шынайы ма, ол жағы белгісіз. Бастысы, журналистке қатты зақым келмеген. 

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com