Қазақстанда

Иесін сыммен қылқындырып, пәтерді тонап кетті

Ақтауда белгісіз екі адам пәтерге кіріп, әйел адамды баласының көзінше сыммен қылқындыруға тырысқан. Оқиға туралы Маңғыстау облысының полиция департаменті түсініктеме берді, деп хабарлайды “Lada.kz” порталы.

«Екі белгісіз адам көршімізді тонап кетті. Ол күйеуі жұмыста кеткен кезде үйде кішкентай баламен жалғыз болған. Ашық қалған есіктен екі ер адам кіріп, оны сыммен тұншықтырып, пәтерді тонаған. Құдайға шүкір өзі тірі қалды» depti жәбірленушінің көршілері.

Маңғыстау облысының полиция департаменті 22 маусым күні сағат 15:25-те «102» кезекші пультіне пәтерді тонау туралы қоңырау түскенін хабарлады. Оқиға орнына тәртіп сақшылары барды. Қазір күдіктілерді ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button