Қазақстанда

Қырғызстаннан қант тасыған азамат ұсталды

Қазақстандық азамат көрші қырғыз елінен 30 тонна қантты елге заңсыз кіргізбек болды.

Қырғызстанның Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарашылар «Чон-Капка – Автодорожный» бақылау-өткізу пунктінде жүкті заңсыз әкету фактісін анықтаған. Өткізу бекетіне 38 жастағы қазақстандық жүргізген КамАЗ жүк көлігі келген. Ер адам «көлікте тыңайтқыш бар» depti. Алайда автокөлікті тексеру кезінде шекарашылар 30 тоннаға жуық қант тапты. Ол тәтті өнімді селитра салынған қаптардың арасында жасырған.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қазақстан азаматы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне тапсырылды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button