Қазақстанда

Үш концертке 220 млн теңге бөлінді

Алматы әкімдігі қала бюджетінен Роза Рымбаева, Марат Бисенғалиев және Жәмилә Серкебаеваның үш концертіне 220 миллион теңгеден астам қаржы жұмсауды жоспарлаған, деп хабарлайды orda.kz.

Бұл туралы кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook желісінде жазды. Нұрпейісов өз жазбасында неліктен әкімдік концерт құнын  толығымен жабуы керек деген сауал қояды. Концерт шығынына іс-шараларды жарнамалау, залдарды жалға алу, концерттерге дыбыс пен жарық, ұйымдастырушылар (жетекші, режиссер), костюмдер, әртістердің тұруы және салық төлеу кіреді.

— Мәселе мынада: халықаралық  деңгейде  ондаған жылдар бойы еліміздің намысын қорғайтын және нақты қаржылық қолдауды (саяхат және халықаралық байқауларға қатысу, мұғалімдердің  ақысы, авторлық әндер мен жазбалар және т.б.) қажет ететін дарынды қала балалары мен жастары емес, дәл олар (көрсетілген әртістер) грант алады. Мәдениет басқармасының негізгі міндеті мен қызметі – қаланың жаңа, әлі нығая қоймаған мәдени қоғамдастығын қалыптастыру және қолдау емес пе? Ал тәжірибелі әрі танымал әртістер, менің ойымша, өзін-өзі қамтамасыз ете алады, олардың тойлар мен мерейтойларда 2-3 ән орындағаны үшін қанша табыс табатыны белгілі, – depti Ерлан Нұрпейісов.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button