Баланы басынан ұрған тәрбиеші жұмыстан қуылды

by Depti
1 views

Баланың еркелігін көтере алмаған тәрбиеші оның басынан ұрған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Осы оқиғадан кейін ата-аналар балаларын балабақшаға жібермей жатыр. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба балабақшаның бейнебақылау камерасынан алынған. Онда тәрбиешінің бүлдіршінді басынан шапалақпен ұрып жібергені анық көрініп тұр. Бөбекжай меңгерушісі тиісті шара қолданылды дейді. 6 жастағы баланы ұрған адам жұмысқа тәрбиешінің көмекшісі болып орналасқан екен.

Балабақша меңгерушісінің міндетін атқарушы Эльмира Исабекова: «Статья бойынша жұмыстан шығардық. Енді әкімшілік тергеу жүріп жатыр. Жұмыс бабымен. Ол енді жұмыста болмайды. Сол күні біз оны келмейтін етіп іс-әрекеттер жасадық. Енді бұл оқиға балабақшаға кір келтіргеннен кейін ата-аналардан сұрақтар да болды. Оған жауап бердік. Ешкімнен жабылып, жасырып жатқан жоқпыз» depti.

Балабақша қызметкерлерінің айтуынша, оқиғаға дейін барлық топ ас ішуге кеткен. Сол сәтте қол жууға барған 6 жасар баланы тәрбиешінің көмекшісі ертіп әкелуі керек болған. Алайда бүлдіршіннің соққы алуына еркелікке салынғаны себеп болыпты. Оқиға болған балабақшада 50 шақты бала тәрбиеленеді.

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com