Роза Рымбаеваның басы дауға қалды… (+ВИДЕО)

by Depti
0 views

Роза Рымбаева өзімен суретке түскісі келген тыңдарманның кеудесінен итеріп, ұятқа қалды.

Оқиға Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған концерттердің бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ыңғайсыз сәттің видеосы әлеуметтік желіде тарады. Онда концертке келген тыңдарманның бірі сахнаға шығып, Роза Қуанышқызымен суретке түсуге ниет білдірген. Алайда мұны әбестік көрген Халық әртісі оны итеріп жіберген. Бұл сәтте әншінің микрофоны жайына қалды, ал ән жалғасып жатты.

Желі қолданушылары Рымбаеваның бұл әрекетін қатаң сынға алды. Олардың бірі ер адамды итергені үшін сөксе, ендігілері “тек жанды дауыста ән айтамын” дейтін Халық әртісінің сахнаға фонограммамен шыққанына таңғалды.

“Ойбу, ер адамды сонша итергені несі? Ұяттау болған екен”, “Фонограммасы көрініп қалды-ау”, “Халықтан биік емес қой”, “Ұят болды ғой”, “Фонограмма екені анық көрінді ғой”, – деп жазды оқырмандар.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/CbcxEP-FpS-/?utm_source=ig_embed&ig_rid=510b8713-c7e2-49a0-9084-8e6e5c266a96

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com