Сәбит Әбдіхалықов Айгүл Иманбаеваға ұсыныс жасады (+ВИДЕО)

by Depti
1 views

Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Айгүл Иманбаеваны ұзатпақ.

Иманбаеваның 45 жас тойына қатысқан актер оған осылай деп тілегін білдірді, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Әбдіхалықовтың тойда тілек айтқан сәті әлеуметтік желіде тарап кетті. Онда актер:

“Біз өмірден өткеннен кейін де біздің тарихымыз, ұрпағымыз жалғасады. Сол үшін аман бол. Құдай қаласа, баламыздың қуанышын көріп, үйлендірейік. Оған дейін амандық болса, мен сені қолдан ұзатып жіберейін”, – деп ақжарма тілегін жеткізген.

Көпшілік бұрынғы жұбайлардың сыйластығына қайран қалды. 

“Айгүл мен Сәбит күшті сыйластықта қалған. Айгүл Сәбиттің ауылдағы ата-анасымен де жақсы қарым-қатынаста”, “Ортада ұлдары бар, сыйластықта қалғандары дұрыс”, “Осындай сыйластықта болу үлкен ақылдылық. Тәнті болдым”, – деп пікір білдірді желі қолданушылары.

ВИДЕО:

https://www.instagram.com/p/CbR1YBGF9qz/?utm_source=ig_embed&utm_campaign=embed_video_watch_again

You may also like

This material is not allowed for publication, broadcast, rewritten or redistributed. ©2021 PenciDesign. All rights reserved. Market data provided by Market.com. Powered and implemented by Web Design Solution. Legal Statement. News and Informations data provided by Example.Com