САРАПТАМА

22 МЛН ТЕҢГЕНІ ЖЫМҚЫРҒАН ЕЛОРДАЛЫҚ КӘСІПКЕРГЕ ҮКІМ ШЫҚТЫ

Елордалық кәсіпкер өз қызметкерлерінің тағылымдамадан өтуіне арналған 22 млн теңгені жымқырған, деп хабарлайды Depti.kz порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

«Maxvidl» ЖШС басшысы М.Рахимов-қа қатысты бюджет қаражатын жымқыру және мемлекеттік грантты мақсатсыз пайдалану  бойынша қылмыстық іс аяқталды. Бұл фактіні Қаржылық мониторинг агенттігінің елордалық экономикалық тергеу департаменті анықтаған, деп хабарлады .

«Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ-на 2016 жылғы 20 маусымнан 20 шілдеге дейінгі аралықта Пермьде (РФ) «Поток-М» ЖШС-ның өндірістік цехтарында өз қызметкерлерін оқыту және тағылымдамадан өткізу бойынша қызметтерін алғанын растайтын жалған құжаттарды ұсыну арқылы 22 миллион теңгеден астам соманы жымқырған. Бұл қаражат еңбек өнімділігін арттыруға және аумақтық кластерлерді дамытуға арналған екен.  

Нұр-Сұлтан қаласы, Сарыарқа аудандық №2 сотының үкімімен М.Рахимов ҚР ҚК-нің 190 б. 4-б. 2)-т. бойынша қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 4 жыл ішінде индустриялық-инновациялық қызметпен айналысу құқығынан айырылды. Сондай-ақ 3 жыл 9 айға шартты жазаға тағайындалды.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button