САРАПТАМА

АҚТӨБЕ 15 ЖАСТАҒЫ ОҚУШЫ АСЫЛЫП ҚАЛДЫ

Ақтөбе облысына қарасты Темір ауданы Кеңқияқ ауылында 15 жастағы оқушы асылып қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Темір ауданындағы Кеңқия ауылының тұрғыны өз үйінің ауласында 2005 жылы туған ұлының асылып тұрғанын көрген. Оқиға 15 ақпан күні орын алды. 

«Оқиға орнына барған Кеңқияқ ПБ жедел-тергеу тобы тексеру жүргізіп, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қайғылы оқиғаның себебі анықталып жатыр», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Полиция ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпаратты құпия сақтап қалды. Айта кетейік, көз жұмған бала Кеңқияқ орта мектебінде оқыған.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button