Базарлар коронавирус көрсеткіші деңгейі төмен болған жағдайда ғана ашылады.
«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облыстық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Амантай Жұмағалиев айтты», – деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша, коронавирус инфекциясына қатысты өз критерийі бекітілген. Бұл деңгей 7 пайыздан асса, эпидемиологиялық жағдай қиын деген сөз. Егер Атырауда апта бойына инфекция жұқтыру деңгейі төмен сақталатын болса, базарға байланысты карантиндік талаптарға өзгерістер енгізуге болады» деп нақтылады спикер Амантай Жұмағалиев.