ТЕҢІЗ КЕНІШІНІҢ 3 ЖҰМЫСШЫСЫ КОРОНАВИРУСТАН АЙЫҚТЫ

5ea6653006334085503761
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Өңірде Covid-19 індетінен жазылып шыққандар саны 236 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысында коронавирус инфекциясынан тағы үш адам айығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, үшеуі де – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Атап айтқанда, 27, 33, және 38 жастағы ер адамдар.

  • Қазіргі уақытта олардың барлығы өздерін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест теріс көрсеткіш көрсетті, – дейді штабтағылар.

Осылайша, Атырау облысында қауіпті індеттен жазылып шыққандардың саны 236 адамға жетті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған