АТЫРАУ ОБЛЫСЫ МАХАМБЕТ АУДАНЫНДА КОРОНАВИРУСПЕН АУЫРАТЫНДАР ЖОҚ

76bdb974 8e52 4227 8901 e9ed69f7f0ef
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атырау облысы Махамбет ауданында қауіпті індетті жұқтырған соңғы үш науқас осы айда дертінен айығып шыққан, – деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

Ауданда наурыз айынан бастап коронавирус инфекциясын жұқтырудың 197 жағдайы анықталған. Оның ішінде 192 адам жазылып шыққан болса, 5 науқас көз жұмған.

16 тамыздағы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта Махамбет ауданында коронавируспен ауыратындар тіркелмеген. Соңғы үш науқас коронавирусқа тест тапсырып, нәтижесі теріс көрсеткіш көрсеткеннен кейін үйіне шығарылды, – деп мәлімдеді Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған