АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 17 МЛН ТЕҢГЕНІ ИЕМДЕНІП АЛҒАН МЕКТЕПТІҢ БАС ЕСЕПШІСІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІ ШЫҚТЫ

Атырау облысы Құлсары қаласындағы № 9 орта мектептің бас есепшісі бюджет қаражатын жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Kazpravda.kz ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келтірілген залалдың жалпы сомасы 17 млн теңгені құрап отыр.

Сот талқылауы барысында айыпталушы 4 млн теңге көлеміндегі соманы мемлекет пайдасына өтегені айтылды.

«Жылыой аудандық соты мектептің бас бухгалтерін кінәлі деп тапты. Қылмыстық кодекстің 4-бөлігі 189-бабы 2-тармағына сәйкес («Бөтеннің мүлкін иемдену немесе жұмсау») айып тағылып, ол 6 жыл бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ осынша уақыт мемлекеттік мекемелерде жауапты қызмет атқара алмайды», – делінген ҚМК хабарламасында.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button