АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА КОРОНАВИРУС ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 474 АДАМ БОЛДЫ

  «Атырау облысында Теңіз кенішінің тағы 17 жұмысшысы  COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Олардың арасындағы ең кішісі 21 жаста», – деп хабарлайды Атырау облысы бойынша Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар  – кен орнынан шығар алдында  скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар  – 1997, 1999, 1961, 1989, 1986, 1994, 1970, 1991. 1982, 1990, 1988, 1989, 1968, 1984, 1982, 1989, 1989 жылғы 17  ер адам.

Covid – ке алынған тесттен  оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға  жатқызылады және хаттамаға  сәйкес тиісті ем алады.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің  бақылауына  алынды. Қазіргі уақытта инфекция  ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде. 

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button