АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА АМАНДОСОВ КӨШЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ТАҒЫ ДА КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Жалпы аумағы үш шақырымды құрайтын маңызы зор автокөлік жолын қайта жаңғырту жұмыстары ағымдағы жылдың маусым айында басталды.

Жол-құрылысы бірнеше участокке бөлінген. Мәселен, осыған дейін Еркінов-Бергалиев көшесі аралығындағы құрылыс аяқталса, енді жұмысшы топ Амандосов-Бергалиев көшелерінің қиылысындағы айналма жолдан бастап Темір жол көпірінен кейінгі 30 метрге дейінгі аралықты жөндеуге кірісті. 14 күн ішінде жұмысшы топ, ескі асфальт жабындысын алып, Еркінов көшесінен бастап темір жол көпіріне дейінгі жолдың енін 22 метрге ұлғайтты. Енді, жоба шеңберінде автокөлік жолы 6 жолаққа дейін кеңейтіліп, бағдаршамға бағынбайтын оң жақты бұрылыс пайда болады.

Айналма жолдағы құрылыс жұмыстары тамыз айының 20-сы аяқталады деп күтілуде

Жалпы Амандосов көшесін қайта жаңғырту барысында 5315 шаршы метр жаяу жүргіншілер жолы мен 6 аялдама павильоны қаралған.

Барлығы 177 жол белгісі мен 132 баған, 179 көше шамы орнатылады.

Айта кетейік, аталған жолдың ашылуы бұған дейін 11 тамыздан 17 тамызға кейінге қалдырылған болатын.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button