ЖЫЛЫОЙДА ОНЛАЙН МАРАФОН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

c0380bc3 693d 4f2f b932 0f2d6ae037c5
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Жылдағы дәстүр бойынша тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні. Еліміздегі карантин режимі болғанымен спорттық сайыстардың кейбір түрін онлайн режимде өткізуге мүмкіндік бар.

Осындай мүмкіндікті қалт жібермеген Жылыой аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі. Арнайы мобильді қосымшаның көмегімен спортшылар белгілі аумақта жеке-жеке 3 шақырымдық межені бағындырып қорытындысын әлеуметтік желідегі аккаунтына #Жылыойспорт2020 хэштегімен бөліскен. Нәтижесі анықталып жеңімпаздар ұйымдастырушылар тарапынан марапатталған.

3 шақырымдық Online марафон жеңімпаздары:

I орын Бейбарыс Бекешов

II орын Асылбек Уралбеков
II орын Дәулет Қалиев

II орын Самат Гарифов
III орын Наурызбай Сағиев
III орын Руслан Жолдасов

Жалпы марафонға 17 адам қатысқан.

Республикалық спорттық challenge дердің жеңімпазы, аралас марафондардың қатысушысы аудандық спорт бөліміне жақында тағайындалған А. Науаровтың мәліметінше кәзіргі таңда ауданда 5 спорттық мектеп бар. Ауданға қарасты екі округте спорттық мектеп құрылысы жүргізілуде деп мәлімдеді бөлім басшысы.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған