АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕР, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ ӘЛИЯ БЕКҚОЖИЕВА ҚАЙТЫС БОЛДЫ

59 жасына қараған шағында «Құрмет» орденінің иегері, «Өнерпаз» ЖШС, «Рембыттехника» ЖШС бас директоры және Атырау облысы Өңірлік кеңесінің төрайымы Әлия Бекқожиева өмірден өтті.

Әлия Байжанқызы 1961 жылы дүниеге келген. Жамбыл технологиялық институтын (1983 жыл) аяқтаған соң нормалаушыдан бастап, бірінші жетекшіге дейін еңбек жолын «Рембыттехника» кәсіпорыннан бастады. 1997 жылы  «Рембыттехника» ЖШС сенімді басқаруға «Өнерпаз» ААҚ-ты алды. Әлия Бекқожиеваның білікті басшылығымен кәсіпорын инвестициялық бағдарламаны сәтті іске асырып, қаржы-шаруашылық ахуалын қалпына келтіре алды. 2002 жылдың қыркүйек айында «Өнерпаз» ААҚ жекеменшікке өтіп, «Өнерпаз» ЖШС болып қайта құрылды.

Қазіргі таңда «Өнерпаз» ЖШС Атырау облысында  халыққа кешенді қызмет түрлерін көрсететін ірі тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарының бірі.

Кәсіпкерлік қызметпен қатар Әлия Бекқожиева көп жылдар бойы қоғамдық жұмыс және қайырымдылықпен белсенді айналысып келді. Облыстық маслихаттың депутаты, тұрақты комиссия төрайымы ретінде аймақтың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге үлкен үлес қосты. Өңірде демократиялық қоғамды дамыту, үкіметтік емес және қоғамдық бірлестіктерді шоғырландырумен айналысатын «Атырау облысының азаматтық альянсына» жетекшілік етті.

 Аймақтың қоғамдық өмірінде сөнбес сәуле қалдырған тұлға Әлия Байжанқызының мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз!

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button