АТЫРАУДА КҮНІНЕ 30 НАУҚАСҚА ДЕЙІН ҚАБЫЛДАҒАН ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР ЖАБЫЛДЫ

200811135005610a3682153i
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

«Туберкулезге қарсы күрес диспансері жанындағы стационардағы соңғы науқас 12 тамыз күні емделіп шықты», – деп хабарлайды Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
«Соңғы аптаның ішінде стационарға коронавирус, пневмония дертімен науқастар түскен жоқ. 15 тамыздан бастап, біздер провизорлық стационарды уақытша жаптық. Екі күн бойына дезинфекция жасалды. Қазіргі уақытта дәрігерлерімізді еңбек демалысына жібердік» дейді Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері директорының міндетін атқарушы Серік Әбішев.
Емдеуші дәрігер Асхат Есмурзин туберкулезге қарсы күрес диспансері жанындағы провизорлық стационарда наурыз айынан бері жұмыс істеп келген маман. «Пандемия ушығып тұрған кезде тәулігіне 20-30 адамға дейін қабылдадық. Көп жағдайда 70-80 пайызға дейін өкпесі қабынған науқастар түскен еді» деген ​ дәрігер Асхат Есмурзин атыраулықтарды гигиеналық шараларды сақтауға, коронавирус белгілері байқалған жағдайда дереу дәрігерге көрінуге шақырды.
Қазіргі уақытта Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері пандемияның болуы мүмкін «екінші толқынына» дайындық жүргізуде. Қауіпсіздік мақсатында бүгінде мұнда 25 орынға кислородтық желілер тартылып, дәрі-дәрмек, медициналық жеке қорғаныс құралдары қоры жасақталып жатыр.
Еске сала кетелік, пандемияның өршу сатысы кезінде Атырау облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансері жанынан 100 орындық провизорлық стационар ашылып, тәулігіне 20-30 адамға дейін науқастарды қабылдаған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған