АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАРДЫҢ САНЫ 42-ГЕ ЖЕТТІ

Бүгінгі күннің алғашқы жартысында коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы үш жағдай анықталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандар 55 пен 33 жастағы әйелдер мен 64 жасар ер азамат болып шықты.

Олар шұғыл түрде инфекциялық стационарға орналастырылды. Денсаулық жағдайлары қанағаттанарлық.

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button