АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУДА КОРОНАВИРУС ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАНДАР САНЫ 857 АДАМҒА ЖЕТТІ

  Өңірімізде Covid-19 індетінің тағы 16 жағдайы тіркелді , – деп хабарлайды Атырау облысының жедел штабы.

Штаб мәліметіне сәйкес, бес науқас – Теңіз кенішіндегі мердігер мекемелердің қызметкерлері.

– Ал, тоғыз науқас – Жылыой орталық аудандық ауруханасының емделушілері.  Қауіпті дертке шалдыққандар арасында Аққыстау ауылының 1968 жылғы тұрғыны мен 1986 жылғы Атырау қаласының тұрғыны да бар, – дейді штабтағылар.

 ПТР диагностикалық  зерттеуінің нәтижесі бойынша  оларда Covid-19  анықталған.

Байланыста болғандар мен  инфекция ошақтары анықталып, індет жұқтырғандар инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Оларға тиісті хаттамаларға сәйкес ем жүргізілуде.

Осылайша, 2020 жылғы 23 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 857 адамға жетті.

Тақырып бойынша мақалалар

Бір Пікір

  1. Түшкірген мен жөтелгенді ткркесеңдер əрине көбееді. Шықты деп бір, қате болды деп бір. Адам ойыншыққа айналған заман болды ма. Адамды псилогиялық өзгерістерге ұшыратып, жала жабу фактілері заңмен қудаланатыны дəрігерлерге , полицияларға жүрмей ме.

Back to top button