САРАПТАМА

АТЫРАУДА ТАҒЫ ҮШ ЖЕРГІЛІКТІ ТҰРҒЫННАН COVID-19 ІНДЕТІ ТАБЫЛДЫ

Қауіпті дертке шалдыққандардың  жеке тұлғалары анықталды, олар инфекциялық стационарда оқшауланған, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облысында қауіпті дертті  жұқтырудың 14, 15 және 16-шы жағдайы тіркелді.  Олардың   20 жасар жігіт, 37 жастағы ер адам және 28 жастағы әйел екені белгілі болды. 

 Қазіргі уақытта олармен байланыста болғандар анықталып, байланысушыларды карантиндік стационарға оқшаулау шаралары жүргізілуде.

 Бүгінгі таңда  инфекциялық стационарда – 16 емделуші, провизорлық стационарда –  39, карантинде  116 адам бар.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button