АТЫРАУДАСАРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ КӘСІПКЕР ҚОНАҚ ҮЙІН КАРАНТИНДІК СТАЦИОНАРҒА БЕРДІ

Кәсіпкер Әлібек Семғалиев #бізбіргеміз жалпыұлттық науқанына қатысып, жергілікті билік органдарына коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы тұруға көмектесуді ұйғарған.

Атырау тұрғыны өзінің  2700 ш.м аумақты «Пекин»  қонақ үйін карантиндік стационарға берді.

Қонақ үй 62 кереуетке есептелген, 30 тұрғын бөлмесі бар, уақытша оқшаулануға  барлық жағдай жасалған.  Мұнда қауіпті дертті жұқтырғандармен байланыста болған адамдар орналастырылады. Ғимаратты  полиция қызметкерлері күзетеді, сондай-ақ қонақ үйдің аумағына үнемі дезинфекция жұмыстары жүргізілмек.

 – «Бүгінде біздің еліміз қиын кезеңді бастан өткеруде. Осындай жағдайда кез-келген қазақстандық, қай қалада тұрса да отандастарына қолынан келген көмегін көрсетуі керек деп ойлаймын. Осы орайда,  Атырау облысының кәсіпкерлерін бірігіп, #бізбіргеміз акциясына қатысуға шақырамын», – depti Әлібек Семғалиев.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button