АТЫРАУЛЫҚ ПОЛИЦЕЙЛЕР ТҰРМЫСТЫҚ ЖӘНЕ НӘЖІС ҚАЛДЫҚТАРЫН БЕЛГІЛЕНБЕГЕН ЖЕРЛЕРГЕ ТӨККЕН 50 КӨЛІКТІ АНЫҚТАДЫ

119071377 1189030608164025 3982624984112149503 n
Бізді әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Атыраулық полицейлер қала шетінде орналасқан елді мекен аумақтарының абаттандыру кағидаларын бұзып, тұрмыстық жане нәжіс қалдықтарын белгіленбеген жерлерге төккен көлік жүргізушілерін жауапкершілікке тартуда, – depti Атырау облыстық полиция Департаментінің баспасөз қызметі.
Жақында патрульдік полицейлер осындай Газ 3307 (ассенизатор) автокөлігін анықтады. Аталған көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабымен әкімшілік хаттама толтырылып, 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 55 560 теңге айыппұл салынды.

Сонымен қатар, 4 қыркүйек күні «Нұрсая» ықшам ауданында тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен Газель автокөлігі аныкталып, оған қатысты, ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабының 2 бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде 83 340 тенге айыппұл салынды.

Жыл басынан қала аумағында осы тектес құқық бұзушылықтар жасаған 50 көлік иелеріне айыппұлдар салынды.