САРАПТАМА

АТЫРАУЛЫҚ ЖАСТАР БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ОЙЫН АЛАҢЫН САЛУҒА ҚОЛДАУ СҰРАЙДЫ

«Атырау қаласына қарасты Химпоселок кентінің жастары өз күштерімен балаларға арналған ойын алаңының құрылысын жүргізуде», дейді atr.kz.

Белсенді топтың айтуынша, бұл ойын алаңына облыс әкімдігінен арнайы жер берілгенімен, қаражат бөлінбеген.

Қазіргі уақытта олар алаңға қажеттілерді өз қолдарымен құрастырып, балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне септігін тигізетін ойын алаңы болады деген сенімде.

Балалардың болашағы үшін атсалысқан азаматтардың айтар тілегі бар екен.

«Біздерге бір алаң жеткіліксіз. Сол себепті, елді-мекенімізден тағы да бір балалар ойын алаңын салсақ дейміз. Ол үшін мемлекеттен және көпшіліктен демеушілік күтеміз», – depti Химпоселок жастары.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button