САРАПТАМА

«БЕКІРЕ-2020» ЖЕДЕЛ АЛДЫН-АЛУ ШАРАСЫНЫҢ КҮЗГІ КЕЗЕҢІ ӨТКІЗІЛУДЕ

10 қыркүйек – 31 қазан аралығында Жайық-Каспий бассейнінде браконьерлікке қарсы іс-қимылдың және балық пен оның өнімдерінің заңсыз айналымының алдын алуға бағытталған «Бекіре-2020» жедел алдын-алу іс-шарасының күзгі кезеңі ұйымдастырылып өткізілуде. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Балық өнімдерін заңсыз тасымалдауды анықтау, автокөлік құралдарын тексеру республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда («Шеп» бекеті, Астрахань, Ақтөбе, Орал бағытындағы автожолдармен және қала аумағындағы Дамба елді мекендерде) және Каспий теңізі, Жайық, Қиғаш өзендері жағалауында және облыстың айналма жолдарындағы автокөлік құралдарының қозғалысын бақылау бойынша мобильдік топтар құрылды (Атырау, Жылыой, Махамбет, Индер, Құрманғазы, Исатай, Индер айналма жолдарында). Іс-шара басталғалы балықтың заңсыз айналымымен байланысты 37 құқық бұзушылық анықталды, (оның ішінде 36 балық аулау ережелерін бұзу, 1 балық пен балық өнімдерін тасымалдау және әкету).

Құқық бұзушылардан барлығы 195кг балық, оның ішінде 61кг бекіре тұқымдас балықтары, 37 құқық бұзушылық жасау және 2 су құралдары тәркіленді.

Іс шара кезінде 2 қылмыстық іс қозғалды, (Балық ресурстарын заңсыз аулаумен ҚР ҚК-нің 335 бап) – 1, Жануарлардың сирек кездесетін түрлерімен заңсыз айналысу (ҚР ҚК-нің 339 бап) – 1. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Әкімшілік түрде балық аулау қағидаларын бұзумен (ӘҚБтК-нің 383 бап) – 35 хаттама толтырылып, оның ішінде 1 әкімшілік құжат сотқа жолданды.

Анықталған әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша 472260 теңге айыппұл салынып, оның 125 010 теңгесі өндіріліп отыр.

Фото ашық дереккөзден алынды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button