САРАПТАМА

Динозаврларды жер бетінен құртқан тышқан екені рас па?

Санаулы күндер қалған Тышқан жылы туралы не білеміз? Тышқан тектес егеуқұйрықтардың дыбыстық қоры өте мол. Олар әртүрлі мағынаны білдіретін тұнық әрі таза дыбыстарды шығарады. Ешбір адам немесе жануарарларға естілмейтін дыбыстарды шығарып, бір-бірімен түсініседі. Тышқандарға иістің қайдан шыққанын білу үшін 50 милисекунд жеткілікті.

Егеуқұйрықтар – түс көріп, күлу қабілетіне ие сүтқоректілердің жалғыз түрі.

Ғалымдардың пайымдауы бойынша, динозаврлардың құруына себеп болған – егеуқұйрықтар. Олардың сүйікті тағамдары жұмыртқа болғандықтан, динозаврлардың жұмыртқасын сорып жеп қойған. Осылайша динозаврлар түбімен құрыған. Бұл шындыққа жанасады, себебі бүгінде Ирландия егеуқұйрықтары  шалшықты бақалардың барлығын жеп қойған.

Depti.kz

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button