САРАПТАМА

Қазақстан Дубайдағы EXPO көрмесіне 9 миллиард теңге жұмсайды

«Біздің павильонды дайындау жұмыстары жүргізілді, былтырлары бюджеттен шамамен 9 миллиард теңге бөлінген. Бұл павильон бөлшектеліп, Қазақстанға осы қаражаттың есебінен әкелінеді, кейін ол өңірлерде немесе астанада әрі қарай өз рөлін атқара береді», – деді министр ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, алдымен көрме кешенінің құрылыс жұмыстары бойынша жобалық және тендерлік құжаттардың фотосы әлеуметтік желілерде тараған болатын. Ол жердегі ақпаратта, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы және тапсырыс беруші «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы екені және жобаға 9 270 072 520 тенге бөлінгені жазылған.

1b5e0e934f366c402496

Көрме 2020 жылдың 20 қазанынан 2021 жылдың 10 сәуіріне дейін өтеді.

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button