САРАПТАМА

КАРАНТИН ТАЛАПТАРЫНА БІРҚАТАР ЖЕҢІЛДІКТЕР ЕНГІЗІЛДІ

«Карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 15 тамыздағы № 48 қаулысына енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың негізгілері төмендегідей:

  • Ойын-сауық орындарының (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалары), кинотеатрлардың (ашық ауадағы кинотеатрларды қоспағанда), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салынады;
  • балалардың түзету кабинеттерінің/орталықтарының, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының қызметіне топ 15 адамнан аспай толтырылғанда, алдын ала жазылу бойынша, ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптары сақталған жағдайда рұқсат етіледі;

ҚР БМСД-нің №43 қаулысының талаптарын сақтай отырып, мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық кампаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне рұқсат етіледі. Бұл ретте қызметкерлердің кемінде 50%-ы қашықтықтан жұмыс істеу нысанында қалдырылады (штаттық кестеде 30-дан астам қызметкер болған жағдайда;

  • Ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етіледі;

Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері:

  • ондағы азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда үйлері, сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысын тоқтата тұру;  – азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының жұмысын тоқтата тұру бойынша шектеу шаралары енгізіледі;
  • маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, ашық ауадағы кинотеатрлардың қызметіне рұқсат беріледі;
  • театрлардың қызметіне рұқсат беріледі (толтырылуы 50%-дан артық емес, бірақ 50 адамнан артық емес, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты және ҚР БМСД-нің № 43 қаулысының талаптарын сақтай отырып);
  • сауда-ойын-сауық орталықтарында орналасқан (жеке үй-жайларда) қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне ұжымдық іс-шараларды өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, №43 ҚРБМСД қаулысының талаптары сақталған кезде рұқсат етіледі.
    • Фото ашық дереккөзден алынды

Тақырып бойынша мақалалар

Back to top button